locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Нефтехимик» – «Барыс». Онлайн көру

Астаналықтар сырт алаңдағы ойындар сериясын Шығыс конференциясындағы тікелей бәсекелесіне қарсы кездесумен жалғастырады
Хоккей
«Нефтехимик» – «Барыс». Онлайн көру
ФОТО: Барыс ХК

29 қарашада астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясында кезекті кездесуін өткізеді. Михаил Кравецтің шәкірттері Нижнекамск қаласында жергілікті «Нефтехимикпен» кездеседі, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қазақстандық клуб алдағы ойынға биылғы маусымдағы ең жарқын жеңістерінің бірінен кейін келіп отыр. Санкт-Петербургте астаналықтар СКА-ны 7:4 есебімен жеңіп, бес жылға созылған сәтсіз сериясына нүкте қойды.

«Нефтехимик» те соңғы кездесуін сәтті өткізді. Нижнекамск ұжымы сырт алаңда «Сочиден» овертаймда 5:4 есебімен басым түсті.

Шығыс конференциясының турнир кестесінде қос команданы төрт ұпай бөліп тұр. «Барыс» 31 кездесуде 33 ұпай жинаса, нижнекамскілік клуб 32 матчта 37 ұпай еншілеген. Демек, алдағы кездесудегі жеңіс қазақстандық ұжымға тікелей бәсекелесімен арадағы ұпай айырмасын қысқартуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, қос команда биылғы маусымда екі рет кездескен. Қыркүйекте «Нефтехимик» Астанада 6:3 есебімен жеңіске жетсе, бірнеше күннен кейін «Барыс» қарсыласынан есе қайтарды. Нижнекамскіде өткен кездесуде астаналықтар овертаймда 5:4 есебімен басым түсті. Енді Кравецтің шәкірттері сол қалада тағы да бақ сынамақ.

Кездесу Қазақстан уақытымен сағат 16:00-де басталады. Матчты Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie