locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Арман Царукян UFC-дің бұрынғы чемпионын мерзімінен бұрын жеңіп, RAF титулын қорғап қалды

Армениялық файтерге Энтони Петтисті жеңу үшін бір раунд жеткілікті болды
Басқа спорт түрлері
Арман Царукян UFC-дің бұрынғы чемпионын мерзімінен бұрын жеңіп, RAF титулын қорғап қалды
ФОТО: Getty images

Арман Царукян UFC-ден тыс жарыстарда да табысты өнер көрсетіп жүр. АҚШ-тың Хоффман-Эстейтс қаласында өткен Real American Freestyle (RAF 15) еркін күрес турнирінде ол UFC-дің бұрынғы чемпионы Энтони Петтисті мерзімінен бұрын жеңді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Белдесуде Царукянға тиесілі орта салмақтағы RAF Crossover чемпиондық белбеуі сарапқа салынды. Армениялық спортшы бірінші раундта-ақ жеңіске жетіп, америкалық қарсыласының промоушендегі дебютін сәтсіз аяқтады.

Осылайша, Царукян RAF лигасындағы оныншы жеңісіне қол жеткізді. Оның еншісінде бір жеңіліс бар. Бұған дейін, 14 қарашада Арман бразилиялық Нейман Грейсиді техникалық басымдықпен ұтқан еді.

30 жастағы Царукян UFC-дегі соңғы жекпе-жегін 19 қыркүйекте UFC 331 турнирінде өткізді. Сол кездесуде ол бразилиялық Маурисио Руффиді бірінші раундтың аяқталуына төрт секунд қалғанда нокаутқа түсіріп, промоушендегі қатарынан алтыншы жеңісіне қол жеткізді.

Қазіргі таңда Арман UFC-дің жеңіл салмақ дәрежесіндегі рейтингінде екінші орында тұр. Кәсіби ММА мансабында 24 жеңіске жетіп, үш рет жеңілген.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie