ҚХЛ-дегі «Трактор» – «Барыс» матчының бейнешолуы
4 қарашада астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) тұрақты чемпионаты аясындағы кезекті матчын өткізді. Қазақстандық команданың қарсыласы челябілік «Трактор» болды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Шешуші сәт тек соңғы кезеңде орын алды. Алдымен Нэйтан Легаре қақпаға ыңғайсыз қолмен соққы жасап, шайбаны торға түсірді, ал біраз уақыттан кейін Андрей Светлаков сан басымдығын пайдаланып, челябіліктердің басымдығын арттырды.
Астаналықтар Мэйсон Мореллидің «беске үш» форматындағы ойында соққан голының арқасында айырманы қысқартты.
Қалған уақытта «Барыс» қарсыласының қақпасына жаппай шабуыл ұйымдастырғанымен, есепті теңестіріп, кездесуді овертаймға жеткізе алмады.
Назарларыңызға ҚХЛ аясындағы «Трактор» – «Барыс» матчының (2:1) бейнешолуын ұсынамыз.