locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ҚХЛ-дегі «Барыс» — «Сибирь»: матчты тікелей эфирде қайдан көруге болады

7 қыркүйекте «Барыс» өз алаңында 7:1 есебімен ірі жеңіске жетті
ФОТО: ХК "Барыс"

Дүйсенбі, 12 қазанда астаналық «Барыс» Новосібірдің «Сибирь» командасымен Континенттік хоккей лигасының тұрақты чемпионаты аясындағы матчта кездеседі, деп хабарлайды Sports24.kz.

Кездесудің тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен 19:30-да басталады. Ойынды «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.

Алдағы матч алдында «Барыстың» 13 ойыннан кейін 16 ұпайы бар. «Сибирь» 14 кездесуден кейін 11 ұпай жинаған. Алдыңғы матчта астаналықтар өз айдынында Омбының «Авангардын» 5:1 есебімен ойсырата жеңсе, новосібірліктер сырт алаңда Челябінің «Тракторынан» 2:1 есебімен басым түсті.

Командалар осы маусымда бұған дейін де кездескен. 7 қыркүйекте «Барыс» өз алаңында 7:1 есебімен ірі жеңіске жетті. Оған дейін астаналықтар ҚХЛ аясындағы қатарынан бес матчта «Сибирьден» жеңілген болатын.

Арсен Алиев
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie