locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Бұл таңғаларлық»: Кравец «Барыстың» құрамындағы қиындықтарды түсіндірді

Кейбір ойыншылар негізі командада болған жоқ, ал енді бірі артық салмақпен келді
«Бұл таңғаларлық»: Кравец «Барыстың» құрамындағы қиындықтарды түсіндірді
ФОТО: ХК Барыс

«Барыстың» бас бапкері Михаил Кравец маусым алдындағы дайындық кезінде хоккейшілердің әртүрлі мәселелеріне байланысты команда оңтайлы құраммен ойнай алмағанына қынжылды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Астана командасының жаттықтырушысы баспасөз мәслихатында кейбір ойыншылардың әкімшілік мәселелері болғанын, ал енді бірінде физикалық дайындығына қатысты проблемалар болғанын, сондықтан оларды құрамға кешірек қосуға тура келгенін айтты:

«Өкінішке қарай, біз қалаған құраммен ойнай алмадық. Морелли отбасылық жағдайына байланысты кетіп қалды, Бэйли виза алып үлгермеді. Сондықтан құрамның әртүрлі нұсқаларын қарастыруға тырыстық. Екінші жағынан, бұл бізге барлығын қарап көруге көмектесті. Маусым алдындағы дайындыққа дейін бізде құрамы ұзын команда болуы мүмкін деп ойладық. Бірақ алғашқы турнирден кейін кейбір ойыншылардың әзірге КХЛ деңгейіне тартпайтыны белгілі болды.

Бізде дұрыс дайындалмаған жігіттер болды. Бұл да проблема еді — оқу-жаттығу жиынында барлық ойыншымен қажетті бағытта жұмыс істей алмадық. Кейбір ойыншылармен салмақ тастау, физикалық дайындығын жақсарту бағытында жұмыс істедік. Мұндай жағдай да болды, бұл таңғаларлық.

Қазіргі жағдайда біз өзіміз пайдаланатын барлық жігітті құрамда қалдырдық. Егер олар «Снежные Барсы» мен «Номадта» жақсы ойын көрсетсе, оларды, әрине, біз де тартатын боламыз», — деді Кравец.

Тамыз айында «Барыс» Уфада Башқұртстан Республикасының кубогіне және Санкт-Петербургте Николай Пучков атындағы турнирге қатысып, алты матчта екі жеңіске жетті.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie