locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Басқа нұсқа жоқ»: «Барыс» жаңа маусымдағы басты мақсатын атады

Елордалық клуб төрт жыл бойы Гагарин кубогының плей-офф кезеңіне өте алмай келген сериясын үзуді көздейді
ФОТО: ХК "Барыс"

«Барыс» клубының басшылығы мен жаттықтырушылар штабы команданың Құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымындағы міндеттерін белгіледі, деп хабарлайды Sport24.kz.

Бүгін, 1 қыркүйекте, елордалық клуб чемпионаттың басталуына орай БАҚ өкілдерімен дәстүрлі кездесу өткізді. Команданың бас бапкері Михаил Кравец құрамның қазіргі жағдайы туралы айтып берді.

Бапкердің сөзінше, клуб қолда бар бюджетке сай құрамды күшейте алған. Дегенмен командаға әлі де бір қорғаушы қажет.

«Құрамды шынымен де үлкен күш-жігермен күшейттік, бюджетімізге сай ойыншыларды таңдап, қажетті хоккейшілерді алдық. Бізге бір қорғаушы жетіспейді, қазір осы мәселе бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Қазір төрт бестік бар, бірақ одан кейін мәселе туындайды. Яғни кез келген, тіпті жеңіл жарақаттың өзі біз үшін қиындық болады. Бұл – басты мәселе шығар. Егер жарақаттар азайып, олар ауыр болмаса, онда біздің командамыз бар деп ойлаймын. Төрт жақсы бестігі, жаман емес қақпашылар құрамы бар, олар жақсы ойын көрсетуі тиіс», – деді Михаил Кравец баспасөз мәслихатында.

«Барыстың» маусымдағы басты міндеті – плей-офф кезеңіне қайта оралу. Елордалық команда соңғы төрт маусым қатарынан Гагарин кубогының плей-офф кезеңіне өте алмады.

«Әрине, плей-оффқа шығу. Басқа нұсқа жоқ», – деді бапкер.

Өткен маусымда «Барыс» ҚХЛ тұрақты чемпионатының жалпы кестесінде 18-орынға ие болды.

Жаңа маусымды команда 7 қыркүйекте «Барыс Аренада» Новосібірдің «Сибирь» клубына қарсы өз алаңындағы матчпен бастайды.

Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie