locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Барыстың» «Амурға» қарсы матчтағы бастапқы құрамы

Хабаровскідегі кездесу Астана уақытымен 14:00-де басталады
«Барыстың» «Амурға» қарсы матчтағы бастапқы құрамы
ФОТО: ХК «Барыс»

19 қазанда ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында матч өтеді. Бұл ойында астаналық «Барыс» қонақтағы сериясын хабаровскілік «Амурға» қарсы кездесумен жалғастырады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Кездесудің тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасынан көруге болады.

«Амур» — «Барыс»: ҚХЛ матчын онлайн көру

Астаналық команданың бас бапкері Михаил Кравец ойынға қатысатын құрамды жариялады.

«Барыстың» құрамы:

Шутов (Шепард);

Масси - Дэй, Омирбеков - Пилон - Бэйли;

Маккошен - Данияр, Симонов - Морелли - Томпсон;

Бритиков - Приски, Ляпунов - Шестаков - Қайыржан;

Бекетаев - Әлібек, Савицкий - Шайхмедденов - Асетов.

«Барыстың» еншісінде 20 ұпай бар және команда екінші орында тұр. Михаил Кравец шәкірттері ұпай саны төменгікамалық «Нефтехимикпен» бірдей болғанымен, соғылған және жіберілген шайбалар айырмасы жақсы болғандықтан, қарсыласынан жоғары орналасқан. Ал хабаровскіліктер 17 ұпаймен Шығыс конференциясында 6-орында келеді.

Осы маусымда командалар бір-бірімен екі рет кездесті. 12 қыркүйекте Астанада өткен алғашқы матчта «Амур» «Барыстан» 3:1 есебімен басым түсті.

Кездесу алдында «Барыс» Қазақстан құрамасының шабуылшысы Кирилл Панюковты бас тарту тізіміне енгізді.

«Барыс» «Амурдан» қарымта қайтара ала ма? ҚХЛ анонсы

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie