locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Барыс» Уфа мен Омскідегі ҚХЛ матчтарына қатысатын құрамын жариялады

«Барыс» «Салават Юлаев» пен «Авангардқа» қарсы кездесулерге баратын хоккейшілердің тізімін ұсынды
Хоккей
«Барыс» Уфа мен Омскідегі ҚХЛ матчтарына қатысатын құрамын жариялады
ФОТО: Барыс ХК

Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті сырт алаңдағы ойындарына аттанды. Михаил Кравец шәкірттері Ресейде Уфаның «Салават Юлаев» және Омбының «Авангард» клубтарымен кездеседі. Бапкерлер штабы алдағы екі матчқа 27 хоккейшіні таңдады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қазақстандық клуб бұл сапарға қатарынан екі жеңіспен аттанып отыр. Алдымен астаналықтар Владивостоктың «Адмиралын» 4:2 есебімен ұтса, 15 қарашада Шығыс конференциясының көшбасшысы Магнитогорскінің «Металлургын» 5:4 есебімен тізе бүктірді. Соңғы кездесудің басты қаһарманы Джастин Бэйли атанды. Ол ҚХЛ-дағы алғашқы хет-тригін тіркеді.

Осы нәтижелерден кейін «Барыс» 26 матчта 29 ұпай жинап, Шығыс конференциясында бесінші орынға көтерілді. Алдағы қарсыласы «Салават Юлаев» 27 кездесуден кейін 28 ұпаймен сегізінші сатыда тұр. Ал 25 ойында 30 ұпай еншілеген «Авангард» төртінші орынға жайғасқан.

«Барыстың» сырт алаңдағы матчтарға арналған құрамы:

Қақпашылар: Дмитрий Николаев, Владислав Нурек, Андрей Шутов.

Қорғаушылар: Әділ Бекетаев, Дамир Бритиков, Самат Данияр, Мәди Диханбек, Логан Дэй, Иэн Маккошен, Джейк Масси, Бейбарыс Оразов, Чейз Приски.

Шабуылшылар: Абзал Әлібек, Әлихан Әсетов, Джастин Бэйли, Дінмұхамед Қайыржан, Всеволод Логвин, Кирилл Ляпунов, Мэйсон Морелли, Әлихан Өмірбеков, Гарретт Пилон, Кирилл Савицкий, Асанәлі Сәркенов, Семен Симонов, Тайс Томпсон, Ансар Шайхмедденов, Аркадий Шестаков.

«Барыс» алғашқы кездесуін 18 қарашада Уфада «Салават Юлаевқа» қарсы өткізеді. Ойын Қазақстан уақытымен сағат 19:00-де басталады. Ал 20 қарашада астаналықтар Омбыда «Авангардпен» күш сынасады. Бұл матчтың басталуы сағат 18:30-ға жоспарланған.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie