locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан құрамасының футболшысы КПЛ клубымен ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойды

Семейлік команда «Елімайдың» капитаны саналатын 28 жастағы футболшымен келісімшартты ұзартқанын ресми түрде жариялады.
Футбол
Қазақстан құрамасының футболшысы КПЛ клубымен ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойды
Фото: Елимай

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов семейлік «Елімаймен» келісімшартын 2029 жылдың соңына дейін ұзартты, деп хабарлайды Sports24.kz.

2026 жылғы маусымда Оразов алаңда 1971 минут өткізіп, бес гол соқты және бес нәтижелі пас берді. Қазақстандық жартылай қорғаушы семейлік клубта тағы үш маусым өнер көрсетеді.

Айта кетейік, бұған дейін БАҚ-та Оразовқа шымкенттік «Ордабасының» қызығушылық танытқаны туралы ақпарат тараған еді. Қазақстанның қазіргі чемпионы келесі маусым алдында құрамын күшейту үшін футболшыны шақыру мүмкіндігін қарастырып жатқаны хабарланған.

Оразов «Елімайға» 2025 жылдың жазында қосылды. Бұған дейін жартылай қорғаушы Данияның «Силькеборг», Словенияның «Копер», Ресейдің «Чайка» және Латвияның «Даугавпилс» клубтарында өнер көрсетті. Қазақстанда ол «Қайрат», «Тобыл», «Ақсу» және «Ақтөбе» командаларының намысын да қорғады.

Еске салайық, 2026 жылғы маусым қорытындысы бойынша «Елімай» Қазақстан чемпионатында үшінші орын алып, еурокубоктерге жолдама иеленді.

Азамат Қамза
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie