locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Барыс» – «Нефтехимик» матчы 25 қыркүйектен 26 қыркүйекке ауыстырылды

Кездесу Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні жариялануына байланысты кейінге шегерілді.
Хоккей
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
«Барыс» – «Нефтехимик» матчы 25 қыркүйектен 26 қыркүйекке ауыстырылды
ФОТО: Пресс-служба КХЛ

Мемлекет басшысы жариялаған жалпыұлттық аза тұтуға байланысты 25 қыркүйекке жоспарланған «Барыс» пен «Нефтехимик» арасындағы матч барлық тараптардың келісімімен 26 қыркүйекке ауыстырылды, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Қазақстан Республикасында 2026 жылғы 25 қыркүйектің жалпыұлттық аза тұту күні болып жариялануына байланысты және клубтар арасындағы келісімді ескере отырып, ҚХЛ жарыстарды өткізу департаменті №87 «Барыс» – «Нефтехимик» матчын 2026 жылғы 25 қыркүйектен 26 қыркүйекке жергілікті уақыт бойынша сағат 13:00-ге ауыстыру туралы шешім қабылдады», — делінген лига мәлімдемесінде.

«Барыс» клубының баспасөз қызметі де 25 қыркүйекке сатып алынған барлық билеттердің ертеңгі матчқа жарамды екенін атап өтті.

Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиға

24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз күштері оқу-жаттығуы кезінде қайғылы оқиға болды. Каспий теңізінің жағалауында оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау барысында ауа райының күрт нашарлап, желдің күшеюіне байланысты әскери қызметшілерді теңізге алып кетті.

Алғашында теңізге 19 әскери қызметкерді алып кеткені хабарланған еді. Алайда кейін Маңғыстау облысының әкімдігі олардың саны 17 әскери қызметкер екенін нақтылады.

Соңғы мәлімет бойынша, 12 адам қаза тауып, үшеуін құтқару мүмкін болды. Құтқарылғандардың бірі ауруханаға жеткізілді. Қалған әскери қызметшілердің тағдыры әзірге белгісіз — оларды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Оқиға орнына құтқару бөлімшелері жіберілді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie