locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Егер Шавкат оралса, ең қауіпті қарсылас болады» — Махачевтің жаттықтырушысы Рахмонов туралы

Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2024 жылғы желтоқсанда Лас-Вегаста өткен UFC 310 турнирінде өткізіп, ирландиялық Иэн Гэрриді жеңді
ФОТО: коллаж

UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Ислам Махачевтің жаттықтырушысы Хавьер Мендес бразилиялық Карлос Пратестің ресейлік файтер үшін бұрынғы қарсыласы ирландиялық Иэн Гэрриден қандай қырлары бойынша қауіпті болуы мүмкін екенін айтып берді, деп хабарлайды Sports24.kz «Матч ТВ»-ға сілтеме жасап.

Бұған дейін Пратес келесі жекпе-жегінде Махачевпен кездесетінін мәлімдеген еді, алайда жекпе-жектің нақты қашан өтетіні әзірге белгісіз. Мендес бұл мәлімдемеге жауап бере отырып, ресейлік спортшының келесі қарсыласы дәл бразилиялық болатынына сенімді емес екенін айтты. Дегенмен Пратестің титулдық жекпе-жекке бәрінен де лайық екенін мойындады.

— Пратес Гэрриден қауіпті ме? Қай жағынан?

— Ол барлық көрсеткіш бойынша Гэрриден асып түспейді. Ол жай ғана Гэрриден гөрі соққы техникасы тұрғысынан қауіптілеу, сондай-ақ ауырту және тұншықтыру әдістерінің маманы ретінде өзін жақсырақ көрсетуі мүмкін. Моралес, Пратес және Шавкаттың үшеуі де өте лайықты қарсыластар. Егер Шавкат бұрынғы қалпында оралса, ол ең қауіпті қарсылас болады, — деді Мендес.

Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2024 жылғы желтоқсанда Лас-Вегаста өткен UFC 310 турнирінде өткізіп, ирландиялық Иэн Гэрриді жеңді.

Осыдан кейін қазақстандық сол тізесінен алған ауыр жарақатына байланысты октагонға шыққан жоқ. Оған бірнеше ота жасатуға тура келді, ал жарақаттың қайта асқынуы қалпына келу мерзімін ұзартты.

Махачев соңғы жекпе-жегін 15 тамызда Филадельфияда өткен UFC 330 турнирінде өткізді. Жартылай орта салмақтағы дебюттік жекпе-жегінде ол бес раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің бірауызды шешімімен Иэн Гэрриді жеңді.

Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie