«Барыс» «Ладаға» қарсы сырт алаңдағы серияның алғашқы матчына құрамын жариялады
16 қыркүйекте «Барыс» Континентальды хоккей лигасындағы осы маусымның алғашқы сырт алаңдағы ойынын «Ладаға» қарсы өткізеді. Астаналықтардың матчқа қандай құраммен шығатыны да белгілі болды, деп хабарлайды Sports24.kz.
«Барыстың» бас бапкері Михаил Кравец Тольяттидегі ойынға мына құрамды таңдады:
- Қақпашылар: Шепард, Шутов
- 1-звено: Масси, Дэй, Бэйли, Морелли, Пилон
- 2-звено: Приски, Данияр, Томпсон, Қайыржан, Савицкий
- 3-звено: Маккошен, Бекетаев, Логвин, Ляпунов, Симонов
- 4-звено: Бритиков, Өмірбеков, Мұратов, Әсетов
Тольяттиде алғашқы ысқырық Астана уақытымен 20:00-де естіледі. Сондай-ақ «Лада» — «Барыс» матчының тікелей трансляциясын қайдан көруге болатыны белгілі.
Еске салайық, «Барыс» Тольяттидегі матчқа астаналықтар «Сібірді» (7:1) ойсырата жеңіп, «Салават Юлаевты» (8:6) ұтқан, ал соңғы кездесуде «Амурға» (1:3) есе жіберген үйдегі сериядан кейін келіп отыр. Бұл жеңіс «Амур» үшін Астанадағы жаңа маусымдағы алғашқы жетістік болды.
Қазіргі сырт алаңдағы серия барысында «Барыс» туған мұз айдынынан тыс жерде төрт кездесу өткізеді.