Қазақстан U-21 құрамасының Еуро-2027 іріктеу кезеңіне арналған құрамы жарияланды
Қазақстанның U-21 құрамасының жастар арасындағы Еуро-2027 чемпионатының іріктеу кезеңіндегі матчтарға арналған құрамы жарияланды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Владимир Чебуриннің соңғы тізіміне 23 футболшы енді.
Қақпашылар: Мирас Рихард («Ертіс»), Саятхан Құсайынов («Тұран»), Шерхан Қалмурза («Қайрат»);
Қорғаушылар: Сұлтан Асқаров, Саламат Жұмабеков (екеуі де — «Қайсар»), Рамазан Кәрімов, Сағи Малиқайдар (екеуі де — «Ертіс»), Санжар Ануаров («Астана»), Әли Тұрғанов («Ордабасы»), Сергей Иванов («Алтай»), Никита Губарев («Қызылжар»);
Жартылай қорғаушылар: Әбинұр Нұрымбет («Ордабасы»), Ахметали Қалтанов («Астана»), Жансұлтан Мұхаметханов («Оқжетпес»), Мирас Оматай («Елімай»), Олжас Байбек, Мұхамедали Әбіш (екеуі де — «Қайрат»), Сэйф Попов («Алтай»);
Шабуылшылар: Артем Литош («Шахтер»), Ян Труфанов («Атырау»), Мағжан Тоқтıбай («Ордабасы»), Мақсат Абраев («Астана»), Мансұр Бірқұрманов («Қайрат»).
Іріктеу турнирі аясында Қазақстан құрамасы сырт алаңда үш матч өткізеді: 25 қыркүйекте Англиямен, 29 қыркүйекте Ирландиямен, ал 6 қазанда Молдовамен кездеседі.
Еске салайық, жеті ойыннан кейін Қазақстан құрамасының еншісінде төрт ұпай бар және команда турнирлік кестеде соңғы орында тұр.