locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Милан» — «Бенфика». Онлайн көру. LIVE-трансляция

Суперматч — Еуропа лигасы негізгі кезеңінің алғашқы турында-ақ
«Милан» — «Бенфика». Онлайн көру. LIVE-трансляция
ФОТО: Getty Images
Еуропа Лигасы
16.09.2026, 15.00
Милан
-
Бенфика
-

Еуропа лигасының негізгі кезеңі алғашқы турдың өзінде бүкіл кезеңдегі ең тартысты матчтардың бірін ұсынады — «Сан-Сирода» «Милан» мен «Бенфика» кездеседі, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Россонерилер» үшін рейтинг бойынша екінші деңгейлі еурокубокқа қатысу — көңіл жұбатарлық жүлде іспетті. Себебі команда бұл турнирге өткен маусымдағы А сериясының соңғы турында «Кальяриден» жеңілгеннен кейін жолдама алды. Соның салдарынан төртінші орын алған «Комодан» небәрі бір ұпайға қалып қойды.

Ал «Бенфика» да Еуропа лигасына жоғары нәтижелерінің арқасында түскен жоқ. «Бүркіттер» Португалия чемпионатындағы маусымды жеңіліссіз аяқтағанымен, парадокс жағдайға байланысты турнирді небәрі үшінші орынмен тәмамдады.

Сол себепті олар іріктеу кезеңін екінші раундтан бастап, негізгі кезеңге жету жолында «Санкт-Галленді», «Орхус» пен «Хартсты» жеңді.

«Милан» мен «Бенфиканың» өзара қарсыластық тарихы аса бай. Тіпті 1990 жылы дәл осы командалар Еуропа чемпиондары кубогының финалында трофей тағдырын шешіп, 1:0 есебімен «россонерилер» жеңіске жеткен.

Олардың еурокубоктардағы жолы соңғы рет 19 жыл бұрын — Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде түйіскен. Сондықтан беделді турнирде жалпы есепте тоғыз рет жеңіске жеткен бұл екі команда бір-бірін сағынғаны анық.

Қарсыластықтың жаңа парақшасы 17 қыркүйек күні Астана уақытымен 00:00-де «Сан-Сирода» жазылады. Тікелей трансляцияны мына сілтеме арқылы көруге болады.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie