Қазақстан құрамасының капитаны Тайландпен матчта Бубликтің командада неге жоқ екенін түсіндірді
Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Диас Доскараев Дэвис кубогының Екінші әлемдік тобының плей-офф кезеңінде Тайландқа қарсы өтетін матч қарсаңында ұлттық құрама сапында елдің бірінші ракеткасы Александр Бубликтің неге жоқ екенін түсіндірді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Доскараевтың айтуынша, егер Бублик бұл матчта ойнай алғанда, әрине, кортқа шығар еді. Алайда Тимофей Скатов секілді басқа теннисшілерге де маңызды кездесулерде бағалы тәжірибе жинауға мүмкіндік беру қажет:
«Ойыншыларға жауапты матчтарда тәжірибе жинауға мүмкіндік беру маңызды. Егер Бублик құрамға енгізілгенде, ол бұл кездесуде сөзсіз ойнайтын еді. Алайда мұндай жағдайда Скатовтың жекелей сында өнер көрсету мүмкіндігі шектелер еді. Біз тек бір нақты матчты ғана емес, ұлттық құраманың болашағын да ойлауымыз керек», — деді Доскараевтың сөзін Қазақстан теннис федерациясы келтіреді.
Еске салайық, Қазақстан — Тайланд матчы 18-19 қыркүйек күндері Астанада өтеді. Қазақстан құрамасының сапына Александр Шевченко, Денис Евсеев, Тимофей Скатов, Бейбіт Жұқаев және Әмір Омарханов енді.
