locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Бұл мен үшін бәрін білдірер еді»: Рыбакина US Open турниріндегі жеңістен кейінгі мансаптық мақсатын атады

Roland Garros — бағындырылмаған жалғыз шың болып қалды
«Бұл бәрін білдірер еді»: Рыбакина мансабындағы келесі мақсатын атады
ФОТО: Getty Images

Жаңадан әлемнің бірінші ракеткасы атанған Елена Рыбакина төрт «Үлкен дулыға» турнирінің бәрінде жеңіске жетуді көздейтінін мәлімдеді. Ол үшін теннистегі мансаптық «Үлкен дулығаға» Франция ашық чемпионатындағы жеңіс қана жетіспейді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Рыбакинаның айтуынша, егер бұл мақсатына қол жеткізсе, ол үшін бұл таңғаларлық жетістік болар еді. Сондықтан теннисші осыған ұмтылмақ:

«Бұл мен үшін бәрін білдірер еді. Әртүрлі жабындарда өтетін төрт «Үлкен дулыға» турнирінің бәрінде жеңіске жету — таңғаларлық жетістік деп ойлаймын. Бұл — менің келесі мақсатым. Командаммен бірге алдағы жылдары осыған қол жеткізуге тырысу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», — деді Рыбакина CBS телеарнасының эфирінде.

Еске салайық, Рыбакина алғашқы мейджорын 2022 жылы-ақ жеңіп, Уимблдонда топ жарған еді. 2026 жылы бұл тізімге Австралия мен АҚШ ашық чемпионаттарындағы жеңістер қосылды. Ал Roland Garros өтетін сазды корттардағы ойын Рыбакинаның ең әлсіз тұстарының бірі ретінде аталады.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie