«Қайрат» Чемпиондар лигасын ірі жеңіспен бастады
«Қайрат» U-19 черногориялық «Младость Донья-Горицаны» ойсырата жеңді
ФОТО: t.me/kzmatch
«Қайрат» U-19 УЕФА Жастар лигасы-2026/27 жарысының Чемпиондар жолындағы бірінші раундының алғашқы матчында черногориялық «Младость Донья-Горица» командасын ірі есеппен жеңді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Алматылықтардың жасөспірімдер командасы Черногориядан келген қарсыластарын 5:0 есебімен ойсырата жеңді. Дәл соққыларын Роман Черноморец, Акежан Каликулов, Ермухаммад Керимхан, Абылай Жилқайдар және Санат Нурболат өз еншілеріне жазды.
Командалар арасындағы қарымта кездесу 14 қазанда Алматыда өтеді. Жұп жеңімпазы (үлкен ықтималдықпен бұл «Қайрат» болады) УЕФА Жастар лигасының келесі раундына өтіп, онда венгриялық МТК-мен кездеседі.
