locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Барыс» ҚХЛ-дың жаңа маусымындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады

Михаил Кравец шәкірттері хабаровскілік «Амурға» есе жіберді
«Барыс» ҚХЛ-дың жаңа маусымындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады
ФОТО: shaiba.kz

12 қыркүйекте «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының жаңа маусымындағы үшінші матчын өткізді. Михаил Кравец командасы өз айдынында хабаровскілік «Амурды» қабылдады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Астаналық команда тұрақты чемпионаттағы матчқа мына құраммен шықты:

Шепард (Нурек);
Масси – Дэй, Морелли – Пилон – Бэйли;
Данияр – Приски, Өмірбеков – Томпсон – Қайыржан;
Маккошен – Бекетаев, Симонов – Логвин – Ляпунов;
Оразов, Савицкий – Шайхмедденов – Әлібек.

Алаң иелері бірінші болып шайба жіберіп алды. Бірінші кезеңнің ортасында Лихачев Хабаровскіден келген қонақтарды алға шығарды. Екінші кезеңнің басында қазақстандық команданың жағдайы қиындай түсті: «Амур» Шваревтің дәл соққысынан кейін басымдығын еселеді.

Канадалық шабуылшы Гарретт Пилон бір шайбаның қарымтасын қайтарды, алайда алаң иелеріне камбэк жасауға күш жетпеді. Керісінше, матчтың соңына қарай тағы бір шайба жіберіп алды. Нәтижесінде астаналық команда 1:3 есебімен жеңілді.

Осылайша, «Барыс» маусым басындағы екі жеңістен кейін алғаш рет жеңіліс тапты. Маусымдағы алғашқы матчта Кравец шәкірттері «Сибирьді» 7:1 есебімен ойсырата жеңсе, кейін Уфаның «Салават Юлаевынан» 8:6 есебімен басым түсті. Қазақстан астанасының командасы үш ойыннан кейін төрт ұпай жинады.

Ал «Амур» үш жеңілістен кейін маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізіп, үш ұпай еншіледі.

«Барыс» (Астана) – «Амур» (Хабаровск) 1:3 (0:1, 1:1, 0:1)

0:1 – Лихачёв (Войнов, Пилипенко) – 09:46 ГБ
0:2 – Шварёв (Лукин, Филатьев) – 30:02
1:2 – Пилон (Бэйли, Морелли) – 32:44
1:3 – Петьков – 59:54

Қақпашылар: Шепард – Дорожко

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie