«Барыс» «Динамомен» матч алдында барлық билеттің сатылып кеткенін хабарлады
22 қарашада өтетін «Барыс» пен Минскінің «Динамосы» арасындағы матчқа билеттердің бәрі сатылып кетті. Бұл туралы елордалық клубтың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Sports24.kz.
Астаналық клуб ҚХЛ тұрақты чемпионатының кезекті кездесуін лық толы трибуналар алдында өткізеді. Ойын Астанадағы «Барыс Аренада» өтеді. Матч Қазақстан уақытымен сағат 16:30-да басталады.
Айта кетейік, аренаның сыйымдылығы — 12 мың көрермен.
28 матчтен кейін «Барыс» 29 ұпаймен ҚХЛ Шығыс конференциясында сегізінші орында келеді. «Авангард» 27 кездесуде 34 ұпай жинап, екінші сатыда тұр.
Алдыңғы матчта Михаил Кравец шәкірттері сырт алаңда Омбының «Авангардына» 1:3 есебімен есе жіберді.
Айта кетейік, ертеңгі матч алдында жанкүйерлерді команданың бұрынғы капитаны Брэндон Боченскимен автограф-сессия күтеді.