«Барыс» аңызы минскілік «Динамомен» матч алдында автограф-сессия өткізеді
Астаналық «Барыстың» минскілік «Динамомен» матчына дейін жанкүйерлерді команданың бұрынғы капитаны Брэндон Боченскимен кездесу күтіп тұр, деп хабарлайды Sports24.kz.
Клуб аңызымен автограф-сессия «Барыс Аренада» 14:30-дан 16:00-ге дейін өтеді. Кездесу орны — A11 секторы маңындағы үшінші қабаттың фойесі.
Команда жанкүйерлері хоккейшімен тілдесіп, естелік автограф алып, онымен суретке түсе алады.
Еске салайық, Боченски «Барыс» сапында 2010 жылдан 2017 жылға дейін өнер көрсетіп, Қазақстан клубы тарихындағы ең танымал легионерлердің біріне айналды.
28 матчтен кейін «Барыс» 29 ұпаймен ҚХЛ-дың Шығыс конференциясында сегізінші орында келеді. «Авангард» 27 кездесуде 34 ұпай жинап, екінші сатыда тұр.
Астаналықтар келесі матчты 22 қарашада өз айдынында минскілік «Динамоға» қарсы өткізеді. Ойын 16:30-да басталады.