locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Барыс» «Амурдан» ірі есеппен жеңіліп, ҚХЛ-дегі жеңіс сериясын үзді

Астаналық клуб Хабаровскіде қақпасына бес шайба жіберіп, маусымдағы алғашқы өзара кездесудегі жеңіліс үшін реванш ала алмады.
Фото: ХК Барыс

Қазақстандық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионатының сырт алаңдағы матчында хабаровскілік «Амурға» есе жіберді. Кездесу алаң иелерінің пайдасына 5:2 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Sports24.kz.

19 қазанда Михаил Кравец шәкірттері Қиыр Шығыстағы сырт алаңдағы сериясын «Амурға» қарсы ойынмен жалғастырды. Матч Хабаровскіде өтіп, командалардың биылғы тұрақты чемпионаттағы екінші өзара кездесуі болды.

Бірінші кезең тең дәрежедегі тартыспен өтті. Қарсыластар бір-бірінің қақпасына шайба соғып, үзіліске 1:1 есебімен аттанды.

Кездесудің шешуші бөлігі екінші жиырма минуттық кезең болды. Хабаровск командасы бастаманы өз қолына алып, қазақстандық клубтың қақпасын үш рет дәл көздеді. Нәтижесінде шешуші кезең алдында «Амур» үш шайба басымдығына ие болды — 4:1.

Үшінші кезеңде астаналықтар ойынға қайта оралуға тырысып, есеп айырмасын екі голға дейін қысқартты. Алайда алаң иелері тағы бір шайба соғып, есепті 5:2-ге жеткізді.

Айта кетейік, кездесуге дейін «Барыс» соңғы бес матчта төрт жеңіске жеткен еді. Алдыңғы ойында қазақстандық ұжым Новосібірдің «Сибирь» командасын Мэйсон Мореллидің дәл соққысының арқасында 1:0 есебімен жеңді. Сол кездесуде қақпашы Андрей Шутов 31 соққыны қайтарып, маусымдағы екінші «құрғақ» матчын өткізді.

«Амур» үшін астаналық командамен кездесу клубтың ҚХЛ-дағы тарихындағы 1100-ші мерейтойлық матчы болды. Хабаровскілік команда бұған дейін де биылғы чемпионатта «Барысты» жеңген. 12 қыркүйекте ресейлік ұжым Астанада 3:1 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, «Амур» осы маусымдағы екі өзара кездесудің екеуінде де жеңіске жетті

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie