«Авангард» – «Барыс»: онлайн көру. ҚХЛ матчының LIVE-трансляциясы
Жұма, 20 қарашада, астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионатындағы кезекті матчын өткізеді. Қазақстандық команданың қарсыласы омбылық «Авангард» болады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Кездесу Омбыда өтіп, Қазақстан уақытымен 18:30-да басталады. Матчтың тікелей трансляциясын «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.
27 ойыннан кейін «Барыс» 29 ұпай жинады. «Авангардтың» еншісінде 26 матчтан кейін 32 ұпай бар.
Омбылық команда алдағы кездесуге қатарынан үш жеңіске жетіп келеді. Алдыңғы матчта «Авангард» өз алаңында владивостоктық «Адмиралды» 3:1 есебімен ұтты. «Барыс» соңғы ойында сырт алаңда уфалық «Салават Юлаевқа» 3:5 есебімен есе жіберді.
Командалар осы маусымда 10 қазанда Астанада кездескен. Сол кезде қазақстандық клуб 5:1 есебімен сенімді жеңіске жетті.
Соңғы бес өзара кездесуде де басымдық «Барыс» жағында: астаналық команда үш рет жеңсе, «Авангард» екі рет жеңіске жетті.