«Авангард» Астанадағы 5:1 есебімен жеңіліс үшін «Барыстан» қарымта қайтара ала ма? ҚХЛ матчына анонс
Бүгін, 20 қарашада, Омбыда ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында жергілікті «Авангард» пен астаналық «Барыс» кездеседі, деп хабарлайды Sports24.kz.
Алаң иелері жеңісті сериясын жалғастыруға тырысса, қазақстандық команда соңғы жеңілісінің есесін қайтаруды көздейді.
«Авангард» үшін алдағы кездесу үш матчтан тұратын қазіргі үй сериясындағы екінші ойын болмақ. Ал «Барыс» екі матчтық сырт алаңдағы сапарын аяқтайды.
10 қазанда Астанада өткен алдыңғы өзара кездесуде Михаил Кравец шәкірттері басым түсті. Қазақстандық клуб 5:1 есебімен сенімді жеңіске жетті.
Қазіргі матчқа командалар әртүрлі нәтижелермен келеді. «Барыс» соңғы бес кездесудің үшеуінде жеңіліс тапты. Алдыңғы ойында астаналықтар сырт алаңда «Салават Юлаевқа» 3:5 есебімен жол берді.
«Авангард» соңғы бес матчтың төртеуінде жеңіп, қазір үш ойыннан бері қатарынан жеңіске жетіп келеді. Омбы клубы «Металлургті» (овертаймда 4:3), «Нефтехимикті» (5:1) және «Адмиралды» (3:1) кезек-кезегімен ұтты.
26 матчтан кейін «сұңқарлардың» еншісінде 32 ұпай бар, олар Шығыс конференциясында төртінші орында. «Барыс» 27 ойыннан 29 ұпай жинап, плей-офф аймағына кіру үшін күресін жалғастыруда.
Командалардың статистикасы мен көшбасшылары
«Авангардтың» өз алаңындағы өзара кездесулерде басымдығы бар: омбылық клуб «Барыспен» өз мұз айдынында өткен 39 матчтың 29-ында жеңіске жетті. ҚХЛ аясындағы жалпы тарихта командалар 80 рет кездескен: «сұңқарлар» 52 рет жеңсе, астаналықтардың еншісінде 28 жеңіс бар.
«Авангард» ойыншылары арасында Константин Окулов (1+2) пен Василий Пономарёв (3+1) нәтижелі серияларын жалғастырып келеді — екеуі де қатарынан үш матчта ұпай жинады. Омбы клубының осы маусымдағы үздік сұрмергені — Джошуа Ливо (9+12).
Алаң иелерінің құрамында алдағы матчта бірнеше жеке белесті бағындыруы мүмкін ойыншы бар. Джозеф Чеккони үшін келесі ойын ҚХЛ-дағы 100-матч болуы мүмкін, ал Майкл Маклауд Лигада жинаған 100 ұпай межесіне бір қадам қалды.
«Барыс» сапында Мэйсон Морелли қатарынан үш матчта нәтижелі әрекетімен көзге түсті (2+2). Маусымның жалпы статистикасында ол 23 ұпай жинап (7+16), тек Джастин Бэйлиге жол береді. Америкалық шабуылшы «Барыс» ойыншылары арасындағы тұрақты чемпионаттың үздік бомбардирі әрі мергені — оның еншісінде 28 ұпай (17+11).
ҚХЛ-дың соңғы бес матчында «Авангардтың» ең нәтижелі ойыншылары Василий Пономарёв (4 ұпай), Эндрю Потуральски (4) және Константин Окулов (4) болды. «Барыста» бес ұпай жинаған Джастин Бэйли көш бастап тұр, ал Мэйсон Морелли мен Чейз Эванс Приски төрт ұпайдан еншіледі.