Михайло Мудрик әлемдегі ең үздік қала туралы тосын жауабынан кейін мемдердің кейіпкеріне айналды
Лондондық «Тоттенхэмнің» жартылай қорғаушысы Михайло Мудрик журналист Дмитрий Гордонның сұрағына тосын жауап бергеннен кейін көпшіліктің назарын өзіне аударды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Екі сағатқа жуық созылған сұхбат кезінде Гордон футболшыдан Жер бетіндегі ең үздік қала қай қала деп санайтынын сұрады.
«Украина», - деп күтпеген жауап берді Мудрик.
Журналист елді емес, қаланы сұрап отырғанын нақтылады. Аз-кем кідірістен кейін футболшы қателескенін түсініп, жауабын өзгертті.
«Ой, кешіріңіз. Қап, қалалар көп қой. Лондон шығар», - деді украиналық футболшы.
Сұхбаттың бұл үзіндісі әлеуметтік желілерде тез тарап кетті. Қолданушылар футболшының географиялық атауларды шатастырғанын әзілге айналдырып, мемдер жасай бастады.
Атап айтқанда, интернетте енді Лондон Украинаның ең үздік қаласы деген әзілдер пайда болды. Кейбір қолданушылар Мудриктің жауабын география емтиханын сәтсіз тапсыру әрекетімен де салыстырды.
Бұл күлкілі сәттен бөлек, футболшы сұхбатта маңызды тақырыптарды да қозғады. Ол Англиядағы мансабы, допингке қатысты тергеу және Украина футбол қауымдастығы өкілдерімен қарым-қатынасы туралы айтты.
Еске салайық, Мудрик Лондонның «Челси» клубына тиесілі, алайда 2026 жылдың тамызында «Тоттенхэмге» жалға берілді.