locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Ол маған жөнді соққы да жасай алмады»: Двалишвили Усман Нурмагомедовты келемеждеді

Мераб Двалишвили Усман Нурмагомедовты келемеждеп, Абу-Дабидегі төбелестің мән-жайын айтты
ММА
«Ол маған жөнді соққы да жасай алмады»: Двалишвили Усман Нурмагомедовты келемеждеді
ФОТО: Getty images

Аралас жекпе-жек шебері Мераб Двалишвили қараша айында Усман Нурмагомедовпен арада болған жанжалдың жаңа деректерін бөлісті. Грузиялық спортшының айтуынша, қарсыластары оны көп болып жеңуге тырысқанымен, айтарлықтай соққы дарыта алмаған, деп хабарлайды Sports24.kz.

Оқиға 11 қарашада Абу-Дабидегі қонақүйлердің бірінде, Real American Freestyle (RAF) еркін күрес турнирі қарсаңында болған. Двалишвили сұхбат беріп тұрған сәтте Усман Нурмагомедов оның артынан келіп, шапалақпен ұрған. Артынша сөзге келіспеушілік төбелеске ұласып, оған ресейлік спортшының қасындағы адамдар мен грузиялық балуан Саба Лазишвили де араласқан.

Кейін Двалишвили Нурмагомедовтың соққы күшін он балдық жүйемен бағалап, оған небәрі бір ұпай берді.

«Шынымды айтсам, оның соққысын сезген де жоқпын. Маған дұрыстап соққы жасай алмады. Төбелесудің орнына аяқтан ұстап, күреске көшкісі келді. Ал мен жұдырықтасуға дайын едім. Қарсы алдымда бірнеше адам болғандықтан, бәрін бірдей бақылап, әрқайсысына тойтарыс беруге тура келді», – деді Двалишвили.

Грузиялық файтер жанжалға қатысқан өзге спортшылардың әрекетіне де тоқталды. Әсіресе UFC-де өнер көрсететін ресейлік Тагир Уланбековтің сол сәттегі қылығын әжуалады.

«Уланбековтің соңынан қуғанымда, оның қатты сасқаны байқалды. Қорыққанынан өзін ұстай алмай қала жаздады. Жұдырықтасудың орнына қайтадан аяғыма жармасуға тырысты. Ал мен жерге құлаған кезде бәрі бірден батыр болып шыға келді. Орнымнан тұра алмай жатқанымда соққы жасай бастады. Бірақ қатты ауырсынған жоқпын», – деп қосты ол.

Бұл жанжал әлеуметтік желідегі қызу талқымен ғана шектелген жоқ. Оқиғадан кейін RAF ұйымдастырушылары Усманның ағасы Умар Нурмагомедовті турнирге қатысушылар қатарынан шығарды. Оның орнына америкалық Юрайя Фейбермен белдесуге Саба Лазишвили шықты.

Төбелеске байланысты Абу-Даби полициясы да тергеу жүргізді. Құқық қорғау органдары он адамды, оның ішінде оқиғаны видеоға түсірген екі адамды ұстады. Сот шешімімен Двалишвили мен Лазишвилидің әрқайсысына 50 мың дирхам көлемінде айыппұл салынды.

Ал қалған сегіз адам бастапқыда алты айға бас бостандығынан айырылған. Алайда 17 қарашада тараптар өзара келісімге келгеннен кейін олар қамаудан босатылып, әрқайсысына 150 мың дирхам айыппұл тағайындалды.

Жанжал реттелген соң Усман мен Умар Нурмагомедовтер Ресейге оралды.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie