«Амур» — «Барыс»: ҚХЛ матчін онлайн көру
Дүйсенбі, 19 қазанда астаналық «Барыс» Континенталдық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионаты аясындағы матчта хабаровскілік «Амурмен» сырт алаңда кездеседі, деп хабарлайды Sports24.kz.
Кездесу Қазақстан уақытымен 14:00-де басталады. Матчтың тікелей трансляциясын «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.
«Барыс» 16 матчтан кейін 20 ұпай жинады. Ал «Амурдың» 16 ойыннан кейінгі еншісінде 17 ұпай бар.
Алдыңғы матчта астаналық команда қонақтағы сериясын новосібірлік «Сібірді» жеңуден бастады — 1:0. Ал хабаровскіліктер өз айдынында уфалық «Салават Юлаевтан» 3:4 есебімен жеңілді. Кездесу барысында олар 3:0 есебімен алда тұрған еді.
Осы маусымда командалар бір-бірімен екі рет кездесті. Астанада өткен алғашқы матчта «Амур» «Барыстан» 3:1 есебімен басым түсті.
Қазақстандық ҚХЛ-дің үздік ойыншысы атанды