Жетісу Бразилиялық қос легионерімен қоштасты
Футзал
Богдан Писаренко
МФК Жетысу. Лукас Силва
Талдықорғандық "Жетісу" клубы клубтан екі бразилиялық ойыншы кеткенін хабарлады - Лукас Силва және Хавьер Лучиано.
Қос легионерлер талдықорғандықтар сапына 2024/25 маусым алдында қосылды. Ағымдағы маусымда Лукас Силва (7 матч, 1 гол) мен Хавьер Лучиано (4 матч, 1 ассист) өте аз ойнады.
Осыдан алдын "Жетісу" бразилиялық ойыншылар Жонатан Фелипе мен Келсон Винисиуспен келісімге келгенін хабарлаған болатын.
"Жетісу" Қазақстан чемпионатының 2024/25 турнирлік кестесінде 24 ұпаймен 4-ші орында.