Англия - Гана. Онлайн көру
24 маусымға қараған түні 2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші тур аясында Англия мен Гана құрамалары өзара кездеседі.
Қос команда да L тобындағы алғашқы матчтарын жеңіспен бастап, турнир кестесінде жоғары орындарға жайғасты.
Англия құрамасы алғашқы турда Хорватияны 4:2 есебімен жеңіп, топ көшбасшыларының біріне айналды. Команда шабуылда жарқын ойын көрсетіп, маңызды үш ұпай еншіледі.
Ал Гана құрамасы Панаманы 1:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионатын сәтті бастады. Африкалық команда қорғаныста сенімді ойын көрсетіп, өз қақпасын голдан аман алып қалды.
- Матчтың барлық жарқын сәттері live режимінде Telegram-дағы Sports24.kz! арнасында қолжетімді
Алдағы кездесу плей-офф жолдамасы үшін күрестегі маңызды матчтардың бірі болмақ. Жеңіске жеткен команда келесі кезеңге шығу мүмкіндігін едәуір арттырады.
Англия - Гана матчы Қазақстан уақытымен сағат 01:00-де басталады. Кездесудің тікелей трансляциясы Qazsport телеарнасынан көрсетіледі.