Арбелоа жаңа клубқа жақын: бұл мүлде үздік команда емес
Мадридтік «Реалдың» бұрынғы бас бапкері Альваро Арбелоа қайтадан бапкерлік қызметке оралуға жақын, деп хабарлайды Sports24.kz.
Sky Sports деректеріне сүйенсек, «корольдік клубтың» экс-бас бапкерінің жаңа жұмыс орны үздік команда болмайды. Арбелоа ағылшынның «Фулхэм» клубымен үш жылдық келісімшартқа қол қоюға жақын, ал бұл команда өткен маусымда Англия чемпионатында 11-орынды иеленген болатын.
Алайда клуб параллельді түрде басқа бапкермен де келіссөздер жүргізіп жатыр. Арбелоа бас бапкер лауазымына басты үміткер саналады, бірақ екінші кандидаттың кім екені және онымен келіссөздер қай деңгейде екені әзірге құпия күйінде қалып отыр.
Еске салайық, Арбелоа «Реалдың» тізгінін Хаби Алонсо кеткеннен кейін қолға алған еді. Хаби Алонсо да «Сантьяго Бернабеудан» кеткен соң Лондонға қоныс аударған, бірақ ол «Челсиде» жұмыс істеп жүр.