Хусанов Роналдуға қарсы: Португалия — Өзбекстан матчының құрамдары белгілі болды
Фабио Каннаваро шәкірттері үшін әлем чемпионатындағы басты матч
Футбол
Жантөре Қайсаров
Редактор
ФОТО: Getty Images
Әлем чемпионатының топтық кезеңінің екінші турында Португалия мен Өзбекстан құрамалары кездеседі. Ойынға қандай құрамда шығатыны белгілі болды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Колумбияға қарсы өткен кездесумен (1:3) салыстырғанда, Фабио Каннаваро үш өзгеріс жасады, оның ішінде қақпашы орнында Уткир Юсуповтың орнына Абдувахид Нематовқа сенім артты. Португалия футболының басты жұлдызы Криштиану Роналду бастапқы минуттардан алаңға шығады.
Старттық құрамдар төмендегідей:
- Португалия: Кошта, Канселу, Диаш, Вейга, Мендеш, Невеш, Витинья, Нету, Фернандеш, Феликс, Роналду
- Өзбекстан: Нематов, Хусанов, Абдуллаев, Ашурматов, Каримов, Хамробеков, Шукуров, Насруллоев, Файзуллаев, Ганиев, Шомуродов
Хьюстондағы стадионда басталатын матчтың алғашқы ысқырығы Астана уақытымен 22:00-де естіледі. Сондай-ақ, қай жерде матчтың тікелей көрсетілімі өтетіні белгілі болды.