«Бавария» Олисе үшін таңғаларлық сомаға сатуға дайын
Мюнхендік «Бавария» өзінің француз фланг шабуылшысы Майкл Олисеге баға қойды, деп хабарлайды Sports24.kz тілшісі.
Журналист Роберто Гоместің айтуынша, 2025/26 жылғы Германия чемпионы «Бавария» ұсақ ұсыныстарға келіспеуді ұйғарып, Олисенең болашағына қатысты батыл шешім қабылдады.
Мюнхендік клуб 24 жастағы ойыншының трансфері футбол тарихындағы ең қымбат ауысым болуы тиіс деп шешті. Бұл сомма Неймардың «Барселонадан» «Пари Сен-Жерменге» 222 миллион еуроға өткен рекордын жаңартпақ.
Француз футболшысына басты үміткер — мадридтік «Реал», алайда олар трансферлік рекордты бұзуға әлі де шешім қабылдамаған. 2025/26 маусымында Олисе «Бавария» сапында 52 матч өткізіп, 22 гол соғып, 31 нәтижелі пас берген.
Бұған дейін «Реалдың» «Бавария» жұлдызына 220 миллион еуро жұмсауға дайын екені хабарланған болатын.
24 жастағы Франция құрамасының футболшысы (19 матч, 7 гол) 2024 жылдан бастап мюнхендік клубта ойнайды. Ол «Кристал Пэлас» клубынан 53 миллион еуроға ауысқан. Олисе — Лондондағы «Арсенал» және «Челси» академияларының тәрбиеленушісі.