locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Беларусь – Қазақстан: ӘЧ іріктеу матчын онлайн көру. LIVE-трансляция

Топ жеңімпазы ӘЧ-2028 іріктеуінің элиталық кезеңіне тікелей жолдама алады
Футзал
ФОТО: КФФ

10 қарашадан 11 қарашаға қараған түні Қазақстанның футзал құрамасы 2028 жылғы әлем чемпионатының іріктеуі аясында Беларусьпен екінші матчын өткізеді. Кездесу Словакияның Гуменне қаласында өтеді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Беларусь – Қазақстан матчының тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де басталады. Ойынды «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.

Астанада өткен алғашқы кездесуде Қазақстан құрамасы 5:4 есебімен жеңіске жетті. Қазақстандық команда сапында Эдсон хет-трик жасаса, Альберт Ақбаликов пен Лео Игита бір-бір голдан соқты.

Одан кейін Беларусь құрамасы топтағы тағы бір матчта Албанияны 8:2 есебімен ойсырата жеңді.

Осылайша, алдағы кездесудің алдында Қазақстан мен Беларусьтің еншісінде үш ұпайдан бар. Алайда Беларусь бір матчты артық өткізді.

Топ жеңімпазы ӘЧ-2028 іріктеуінің элиталық кезеңіне тікелей жолдама алады. Екінші орын алған команда да рейтинг бойынша келесі кезеңге өтуі мүмкін. Іріктеу турнирі 2028 жылдың сәуірінде аяқталады.

Арсен Алиев
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie