locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан бокстан 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының алғашқы медалін жеңіп алды

Ақнұр Тұрсынғали жартылай финалға жолдама алды
Бокс
Қазақстан бокстан 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының алғашқы медалін жеңіп алды
ФОТО: НОК РК

Қазақстандық боксшы Ақнұр Тұрсынғали Сенегалдың Дакар қаласында өтіп жатқан 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының кем дегенде қола жүлдесін иеленді, деп хабарлайды Sports24.kz.

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен ширек финалдық жекпе-жекте қазақстандық спортшы сенегалдық Хадидьяту Бойромен кездесті. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер бірауыздан 5:0 есебімен Тұрсынғалидың жеңісін тіркеді.

Осылайша, боксшы жартылай финалға шығып, жарыстың жүлдегері атанатынына кепілдік берді. Бұл — Қазақстанның 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасындағы бокс турнирінде жеңіп алған алғашқы медалі.

Ақнұр Тұрсынғалидан бөлек, Қазақстан атынан Марал Төлепберген (54 келіге дейін) мен Бибарыс Әшірбай (70 келіге дейін) өнер көрсетіп жатыр.

Бокс турнирі 7-12 қараша аралығында өтеді. Жарысқа 73 елден 114 спортшы қатысып, медальдардың 10 жиынтығын сарапқа салады.

Ал жасөспірімдер Олимпиадасының өзі 31 қазан мен 13 қараша аралығында өтуде. Бұл жарыс Африка құрлығында ұйымдастырылған алғашқы Олимпиада ойындары болды.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie