locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Головкин Азия чемпиондары Сабырхан мен Оралбайға кеңес берді

Кездесу Жазғы Азия ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі кезінде өтті
Бокс
Головкин Азия чемпиондары Сабырхан мен Оралбайға кеңес берді
ФОТО: instagram.com/sabyrkhantorekhan/

Қазақстандық боксшылар Төрехан Сабырхан мен Айбек Оралбай аты аңызға айналған Геннадий Головкинмен тілдесіп, бірге суретке түсті, деп хабарлайды Sports24.kz.

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің басшысымен кездескеннен кейін боксшылар бірге түскен суреттерін жариялады.

Төрехан Сабырхан кездесуден алған әсерімен әлеуметтік желіде бөлісті.

«Аты аңызға айналған ағамыз GGG-ден ақыл-кеңес алған соң, чемпиондық жолымызды жалғастыра береміз! Ағамыз Геня сияқты ұлы жолдан өту бізге де жазсын!» - деп жазды спортшы.

Еске салайық, Геннадий Головкин 2024 жылдың ақпанынан бері Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетін басқарып келеді.

Ал Төрехан Сабырхан мен Айбек Оралбай 2026 жылы Жапонияда өткен Жазғы Азия ойындарының жеңімпазы атанып, өз салмақ дәрежелерінде алтын медаль жеңіп алды.

Тоқаев қазақстандық спортшылардың халықаралық аренадағы жетістіктерін атады

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie