Жоржиньо: Маңыздысы – үздік сұрмерген болуға ұмтылу емес, командаға көмектесу
«Қайраттың» шабуылшысы Жоржиньо Премьер-лиганың алтыншы турындағы «Тобылға» қарсы матчтың (2:1) қорытындысы бойынша пікір білдірді:
– Бұл өте қиын ойын болды, біз бұны матч алдында-ақ білдік. Бұған дейін жеңе алмағанымыз үшін жақсы жауап қайтару керек болды. Бүгін соны істей алдық.
– Бұған дейін «Тобыл» тек бір гол ғана жіберген еді. Осындай командаға қарсы ойнау қаншалықты қиын болды?
– Көргендеріңіздей, «Тобылға» қарсы ойында гол соғу үшін жақсы позиция табу қиынға соқты. Сондықтан олар аз гол жібереді. Бірақ біз бұл жағдайды өзгертуге бел будық. Нәтижесінде үш ұпай еншілеп, өте қуаныштымыз. Енді қалпына келу керек.
– Бүгін сіз гол соқтыңыз — бұл маусымдағы төртінші голыңыз. Үздік сұрмерген болу мақсатыңыз бар ма?
– Мен бұл туралы көп ойламаймын. Әрине, егер таңдау мүмкіндігі болса, үздік сұрмерген болғым келеді. Бірақ ең бастысы — командаға көмектесу және өз жұмысымды орындау. Гол соғуға мүмкіндік болса – соғамын. Бірақ бәрінен маңыздысы — командаға жеңіс әкелу.