locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Қайрат» ауыр ойында «Тобылды» жеңіп, ҚПЛ көшбасшылығын сақтап қалды

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
«Қайрат» «Тобылды» жеңіп, ҚПЛ көшбасшылығын сақтап қалды
ФОТО: kff league

Қазақстан Премьер-лигасының 6-турындағы орталық матчта алматылық «Қайрат» өз алаңында қостанайлық «Тобылды» 2:1 есебімен жеңіп, турнир кестесінің басында орнықты қала берді.

Ойынның алғашқы минуттарында алаң иелері есеп ашты: 4-минутта Громыко командаластарының тамаша комбинациясын нәтижелі соққымен түйіндеді. Екінші таймда Жоржиньо есепті еселеп, 61-минутта «Қайраттың» артықшылығын арттырды. «Тобыл» болса 79-минутта Зуевтың голымен есеп айырмасын қысқартты, алайда қостанайлықтар таразы басын теңестіре алмады.

Қазақстан Премьер-лигасы. 6-тур
«Қайрат» – «Тобыл» – 2:1
Голдар: Громыко 4 (1:0), Жоржиньо 61 (2:0), Зуев 79 (2:1).

Осы жеңістен кейін «Қайрат» 17 ұпаймен турнир кестесінің көшін бастап келеді. Екінші орында тұрған «Астана» 13 ұпай жинағанымен, бір ойын кем өткізген. «Тобыл» болса 11 ұпаймен бесінші орынға сырғыды.

Келесі турда 3 мамырда «Қайрат» қонақта «Ұлытаумен» кездессе, 4 мамырда «Тобыл» өз алаңында жақсы формада жүрген «Қызылжарды» қабылдайды. Еске салайық, 27 сәуірде петропавлдық клуб «Қайсарды» 2:1 есебімен жеңіп, сенімді ойын көрсетіп жүр.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie