Уразбахтин Тобылды жеңгеннен кейін: Біраз қателер болуы мүмкін, бірақ біз олардың аз болуын қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп жатырмыз
«Қайрат» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Премьер-лиганың 6-туры аясындағы матчта «Тобылды» 2:1 есебімен жеңгеннен кейін Қызылордада ұпай жоғалтқаннан соң нәтиже жағынан да, ойын жағынан да дұрыс әрекет ету маңызды болды деді.
Алда қатарынан сырт алаңда өтетін төрт матч туралы айтқанда, Уразбахтин, мүмкіндік болса, ойын алдындағы жаттығуды өз алаңында жасап, кейін бірден сырт алаңындағы матчқа шығамыз деген жоспарымен бөлісті.
«Ерте келіп, сапасы нашар алаңда жаттығудың мағынасын түсінбеймін. Бұл ойыншылардың денсаулығына қауіп төндіреді», - деді Уразбахтин.
«Тобылды» жеңгеннен кейін енді кімді басты бәсекелес санайсыз деген сұраққа Уразбахтин, қарсыластарымызды күшті және әлсіз деп бөлмеймі деп айтқанз.
«Мысалы, «Қайсармен» болған матчты алсақ, көбі оңай жеңеміз деп ойлағанымен, ақырында өз көзіңізбен не болғанын көрдіңіз. Футболды болжау мүмкін емес. Босаңсып кетсең, бірден жазалайды. Сондықтан қарсыласқа қарамастан, біздің міндетіміз – әр матчқа шығып, жеңуге тырысу. Әрине, біз кейде ұпай жоғалтып қалуымыз мүмкін, бірақ олай болмасын деп жұмыс істеп жатырмыз»? - деді тренер.
27 сәуірде Алматыда алтыншы турдың орталық кездесуінде «Қайрат» «Тобылды» 2:1 есебімен ұтты.
Қазақстан чемпионатының алтыншы турының қорытындысы бойынша «Қайрат» 17 ұпаймен турнир кестесінің басында тұр, бірақ қарсыластары бір ойынға артық. Алматылық клубтың дәл артында 14 ұпаймен «Астана» тұр. Елімай мен Ақтөбе 13 ұпаймен үшінші орынды бөлісуде.