Нұрбол Жұмасқалиев: Бұл жеңілістен кейін біз тек күшейеміз
Футбол
Абылай Сеитов
Журналист
ФОТО: ФК «Тобыл»
Қостанайлық «Тобылдың» бас бапкері Нұрбол Жұмасқалиев Алматыда «Қайраттан» ұтылғаннан кейін (1:2) жанкүйерлерге үндеу жасады.
Маман өз шәкірттеріне жанкешті ойындары үшін алғыс айтып, командаға сенім артуды сұрады.
«Ең алдымен жанкүйерлерден кешірім сұраймын. Әр матчта жеңіс күткендерін білеміз. Сонымен қатар, жігіттерге алаңдағы жанкештіліктері үшін рахмет айтқым келеді. Бүгін чемпионнан ұтылдық, бірақ бұл бізді тек күшейтеді», – деді Жұмасқалиев.
Жеңіліске қарамастан, бапкер команда алдағы кездесулерде қажетті қорытынды жасап, тағы да қуанта алатынына сенімді.
Қазір «Тобыл» Премьер-лигада бесінші орында жайғасып тұр.