locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Жел «Барселонаның» пайдасына соғып тұр». «Реал» Ла Лигадағы төрешілікті сынға алды

Мадридтік клуб пенальтидің күшін жою және Джуд Беллингемді алаңнан қуу туралы шешімге наразылық білдірді
Футбол
«Жел «Барселонаның» пайдасына соғып тұр». «Реал» Ла Лигадағы төрешілікті сынға алды
ФОТО: Getty images
Ла Лига Испания
28.11.2026, Аяқт.
Реал Мадрид
1
Алавес
2

Испания чемпионатының 14-турында мадридтік «Реалдың» «Алавестен» сенсациялық жеңілісі (1:2) төрешілікке қатысты бірқатар дау туғызды. «Корольдік клубтың» телеарнасы арбитр Сесар Сото Градоның шешімін сынға алып, төрешілердің «Реал» мен «Барселона» қатысқан ойындардағы ұқсас эпизодтарға әртүрлі қарайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Мадридтіктердің наразылығына кездесудің 86-минутындағы эпизод себеп болды. Джуд Беллингем қонақтардың айып алаңында Николас Валентинимен допқа талас кезінде құлады. Бастапқыда бас төреші пенальти белгілегенімен, VAR жүйесінің араласуынан кейін шешімін өзгертті. Бұған қоса, симуляция жасаған ағылшындық жартылай қорғаушыға екінші сары қағазын көрсетіп, мадридтіктерді алаңда он ойыншымен қалдырды.

«Реалдың» клубтық телеарнасы бейнетөрешілердің араласуы қаншалықты орынды болғанына күмән келтіріп, Ламин Ямальдің қатысуымен болған ұқсас эпизодты еске алды.

«Бүгін сарапшылар ойыншылар арасында байланыс болмағанын алға тартып, VAR төрешінің бастапқы шешімін дұрыс өзгертті деп айтатын шығар. «Негрейра лигасында» ережелер үнемі өзгеріп отырады. Біз «Реал» тек төрешінің кесірінен жеңілді деп отырған жоқпыз. Алайда матчты талдау барысында бұл эпизодты назардан тыс қалдыруға болмайды. Ойыншылар арасында болмашы болса да байланыс болды. Бұған дейін Моуриньюді алаңнан қуған Фигероа Васкес бас төрешіні бірден мониторға шақырып, нәтижесінде бастапқы шешім өзгертілді. Оның үстіне бізге бір ғана бейнеқайталау көрсетілді.

Біздіңше, бұл эпизодта пенальти белгілеуге «Левантеге» қарсы матчта Ямальдің қатысуымен болған жағдайға қарағанда әлдеқайда көп негіз бар еді. Жел «Барселонаның» пайдасына соғып тұр», – деді «Реалдың» клубтық телеарнасының жүргізушісі.

Еске салайық, «Алавестен» жеңілген «Реалдың» барлық турнирдегі қатарынан он матчқа созылған жеңісті сериясы үзілді. 33 ұпай жинаған мадридтіктер Ла Лиганың турнир кестесінде үшінші орында тұр. Олар «Атлетикодан» бір, ал көш басындағы «Барселонадан» үш ұпайға қалып келеді. Оның үстіне каталониялықтар бір ойын кем өткізген.

Бұған дейін «Реалдың» бас бапкері Жозе Моуринью де Сото Градоның жұмысын сынға алып, өткен маусымдарда Килиан Мбаппе мен Винисиустың алаңнан қуылғанын еске алған еді.

Аружан Темірбек
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie