locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Жеңіс» жаңа бас бапкерін таныстырды

Астана клубының тізгіні босниялық маман Владимир Слишковичке сеніп тапсырылды
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
«Жеңіс» жаңа бас бапкерін таныстырды
ФОТО: Жеңіс ФК

Астаналық «Жеңіс» клубы Владимир Слишковичтің команданың бас бапкері қызметіне тағайындалғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Sports24.kz.

43 жастағы босниялық маман клубпен келісімшартқа қол қойып, өз жұмысына кірісті. Оның бапкерлер штабына дене дайындығы жөніндегі жаттықтырушы Младен Чучкович, қақпашылар бапкері Олег Воскобойников және көмекші бапкер Антон Чичулин енді.

Клуб өкілдерінің айтуынша, Слишкович бұл қызметке жалғыз үміткер болмаған. Басшылық бірнеше шетелдік маманмен келіссөз жүргізгенімен, соңғы таңдауды босниялық бапкердің пайдасына жасаған.

Сондай-ақ клубта Слишковичтің келіссөздердің екінші кезеңіне дейін-ақ команданың жағдайын жан-жақты зерттеп, негізгі мәселелерді анықтап, оларды шешудің нақты жоспарын ұсынғаны атап өтілді. Басшылық оның ахуалды жедел саралап, жұмыстың әр кезеңіне нақты шешімдер ұсына білетін қабілетін жоғары бағалаған.

Слишкович бұған дейін Мәскеудің «Спартак» және «Орынбор» клубтарында жұмыс істеген. Сонымен қатар босниялық «Зриньскиді» жаттықтырған, Қытай мен Сауд Арабиясында еңбек еткен және Босния және Герцеговинаның жасөспірімдер құрамасының бапкерлер штабына кірген.

Жаңа бапкердің алдында маңызды міндет тұр. Қазақстан Премьер-лигасының 19 турында «Жеңіс» 23 ұпаймен турнир кестесінің сегізінші сатысында келеді. Бұдан бөлек, астаналық команда Қазақстан кубогының жартылай финалындағы «Қайсарға» қарсы қарымта матчта алаңға шығады. Алғашқы кездесуде қызылордалық клуб 3:1 есебімен жеңіске жеткен болатын, сондықтан «Жеңіске» финал жолдамасы үшін екі доп айырмасын қайтару қажет.

Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie