«Әйеліме уәде бергем» – Малыи Венгриямен матчтағы голы және Собослай туралы
Қазақстан құрамасының қорғаушысы Сергей Малыи Венгрияға қарсы өткен жолдастық кездесудің нәтижесіне пікір білдірді. Бұл матч алаң иелерінің 3:1 есебімен жеңісімен аяқталды, деп хабарлайды Sports24.kz
«Венгрия – мықты команда. Біршама жаңа қуат жетіспеді. Екі сырт алаңдық ойын, деңгей жоғары. Көп жағымды сәттер бар. Бізді ешкім біржақты басымдықпен ұтқан жоқ. Иә, мүмкін олар мықтырақ шығар, мұны мойындау керек, бірақ бізде де өз стиліміз бен мінезіміз бар. Доминик Собослаи? Оның шеберлігі сезіледі, нағыз шебер, таланты бар. Ол өзіне тән емес гол соқты», – деді Сергей Малыи.
Сергей Малыи соққан голынан алған сезімімен де бөлісті.
«Бүгін гол соғуды қаладым, әйеліме уәде бергем, ол маған үшінші баланы сыйлады. Құдайға шүкір, уәдемді орындадым», – деп қосты ол.
Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы Венгрияға қарсы жолдастық кездесуде сырт алаңда 0:1 есебімен жеңілген болатын. Бұған дейін Сергей Малыи матчтағы төрешілік сапасы туралы пікір білдірген еді.