Ямалдың әкесі Эль-Класико матчынан кейін «Реалға» үн қатты: Оған әлі 18-де болғаны үшін жолдарың болды
Мунир Насрауи «Барселона» мадридтіктерден жеңілгеннен кейін эмоциясын жасырмады
Футбол
Арсен Алиев
Редактор
ФОТО: Getty Images
«Барселонаның» жас дарындысы Ламин Ямалдың әкесі Мунир Насрауи Каталониялықтардың мадридтік «Реалдан» (1:2) Испания Ла Лигасының 10-турында жеңілуіне бейжай қараған жоқ.
Әлеуметтік желідегі жазбасында Насрауи жанкүйерлер мен қарсыластарға былай деп үн қатты:
«Оған әлі 18-де болғаны үшін ғана жолдарың болды. Барселонада жолығамыз».
Қызығы, Эль-Класико басталардан бір сағат бұрын Ямалдың әкесі әзілмен кулинарлық стрим өткізіп, оған мынандай атау берген:
«Мен мұнда қабырға қуырып жатырмын, ал ұлым — онда».
Матч аяқталғаннан кейін «Реал» чемпионаттағы көшбасшылығын күшейтіп, 27 ұпайға ие болды. Ал «Барселона» 22 ұпаймен турнир кестесінің екінші сатысында тұр.
