Мбаппе — үшінші. XXI ғасырда «Барселона» қақпасына ең көп гол соққан кімдер?
Каталондықтарға кім жиі гол салғаны белгілі болды
Футбол
Серик Амирбек
Редактор
ФОТО: Getty Images
Ла Лиганың 10-турындағы «Барселонаға» қарсы матчта мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппенің голы тарихи оқиғаға айналды.
«Сливочныйлардың» форварды Opta Sports мәліметінше, XXI ғасырда каталондық клубқа қарсы ойындарда үздік үш сұрмергеннің қатарына енді.
Француз ойыншысы барлық турнирде «көк-гранаттылардың» қақпасына 9 матчта 12 гол соқты – бұл барлық ойыншылар арасындағы үшінші нәтиже.
Екінші орында Мбаппенің отандасы Карим Бензема тұр. «Корольдік клубтың» бұрынғы шабуылшысы «Барселонаға» 46 ойында 16 гол соққан.
Бұл көрсеткіш бойынша көш бастап тұрған — Криштиану Роналду: португалиялық аңыз ойыншы каталондықтарға қарсы 34 кездесуде 20 голмен топ бастап тұр.