locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Шабуылға басымдық берді: Алонсо Эль Класико дебютанттары арасында ерекше рекорд орнатты

Маман басты қарсыласқа қарсы алғашқы ойынын сәтті өткізді
Футбол
Серик Амирбек
Серик Амирбек
Редактор
Шабуылға басымдық берді: Алонсо Эль Класико дебютанттары арасында ерекше рекорд орнатты
ФОТО: Getty Images

Испания чемпионатының 10-турында "Барселонаға" қарсы өткен матч мадридтік "Реал" үшін сәтті аяқталды — команда 2:1 есебімен жеңіске жетті. Ал "ақтардың" бас бапкері Хаби Алонсо үшін бұл ойын тарихи сәтке айналды, деп хабарлайды Opta Sports.

Өткен кездесуде "бланкостар" каталондықтардың қақпасына 23 соққы бағыттады — бұл Эль Класико тарихында дебютант бапкерлер арасында соңғы 22 жылдағы ең жоғары көрсеткіш.

Бұған дейін бұл рекорд Франк Райкардқа тиесілі еді — оның 2003 жылы өткен алғашқы Эль Класикосында "Барселона" "Реалдың" қақпасына 21 соққы жасаған болатын.

Мадридтіктер мен каталондықтардың ойынынан кейін Ла Лиганың жаңартылған фавориттер рейтингі жарияланды.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie