locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Ямаль Испания құрамасының жұлдызын «Барселонаға» өтуге жеке өзі үгіттеп жатыр

Испания құрамасының жұлдызы «блаугранаға» тек алаңда ғана емес, одан тыс жерде де көмектесуге бел буып отыр
Футбол
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ФОТО: x.com/TouchlineX

Ламин Ямаль Испания құрамасының және «Манчестер Сити» клубының жұлдызы Родриді «Барселонаға» өтуге жеке өзі үгіттеп жатыр, деп хабарлайды Sports24.kz.

Журналист Карлос Монфорттың мәліметінше, 19 жастағы каталондық талант Родримен жеке сөйлесіп, испандық жартылай қорғаушыны мансабын «Барселонада» жалғастыруға көндіруге тырысқан.

Бұған дейін «Барселонаның» жартылай қорғаушыны трансферге алуды қарастырып жатқаны хабарланған еді. Ойыншының өзі каталондық клуб пен «Манчестер Сити» арасындағы футбол философиясының ұқсастығына байланысты ауысуға қызығушылық танытып отыр, алайда әлі ресми ұсыныс жасалған жоқ.

Енді бұл күреске Ямаль да қосылды. Жас испандық құрамадағы әріптесімен жеке байланысын пайдаланып, Каталонияға ауысудың артықшылықтарын атап өтті.

Айта кетейік, 30 жастағы Родридің «Манчестер Ситимен» келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін күшінде. Transfermarkt порталының бағалауы бойынша, 2024 жылғы «Алтын доп» иегерінің құны 55 миллион еуроға жетеді.

Бұған дейін «Атлетико» Хулиан Альварес бойынша «Барселонаға» орындалмайтын талаптар қойғаны хабарланған болатын.

Данияр Қайратов
Данияр Қайратов
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie