locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Владимир Вайсс Словакияның Қазақстанды неге жеңе алмағанын түсіндірді

Ұлттық құрама есепте екі рет алға шыққанымен, матч тең аяқталды
Футбол
Владимир Вайсс Словакияның Қазақстанды неге жеңе алмағанын түсіндірді
ФОТО: Getty Images

Словакия құрамасының бас бапкері Владимир Вайсс Ұлттар лигасы топтық кезеңінің соңғы матчында Қазақстанмен болған 2:2 есебіндегі тең ойынға пікір білдірді. Маманы Қазақстан шабуылындағы ойынға тоқталып, өз командасының тактикалық қателік жібергенін мойындады, деп хабарлайды Sports24.kz.

Вайсстың айтуынша, Қазақстан құрамасы жылдам қарсы шабуылдардың арқасында словактарға біраз қиындық туғызған. Бапкер Бауыржан Исламхан, Ислам Чесноков пен Ғалымжан Кенжебектің ойынын ерекше атап өтті.

«Қазақстан қарсы шабуылдарда қауіпті болды. Бүгін шабуылдағы үштік — Исламхан, Чесноков пен Кенжебек тамаша ойнады. Олар жылдам ойнайды, біз мұны болжағанбыз, бірақ тактикалық қателік жібердік. Матчқа дейін-ақ мұндай жағдайда қалай әрекет ету керегін түсіндірген едім. Бұл — футбол, жақсы ойын болды. Соңғы минутта жеңіске жете алар едік», — деді Вайсс матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ словакиялық маман Қазақстанға қайта оралғандағы әсерімен бөлісті. Вайсс алматылық «Қайраттағы» жұмысын еске алып, осы елде еңбек еткен жылдардан бері араласып келе жатқан адамдарға алғыс айтты.

«Шынымды айтсам, қайта оралғаныма қуаныштымын. Бұл адамдар маған осында, сіздердің елдеріңізде, клубтарыңызда жұмыс істеуге мүмкіндік берді. Қазақстан футболына зор пайдасын тигізген Қайрат Боранбаевқа алғыс айтамын. Барлық достарымды көргеніме қуаныштымын. Сондықтан соңғы ұпайды соңғы минутта сіздерге сыйладық. Енді үйге тек тең ойынмен қайтамыз. Әрине, әзілдеп тұрмын», — деді бапкер.

Сонымен бірге Вайсс командасының басты мақсаты топта бірінші орын алу болғанын атап өтті. Маманың айтуынша, құрамында бірқатар ойыншы болмағанына қарамастан, Словакия бұл міндетті орындады: он футболшы елде қалып қойған.

Еске салайық, «Астана Аренада» өткен матч 2:2 есебімен аяқталды. Ислам Чесноков пен Ян Вороговскийдің голдарының арқасында Қазақстан екі рет алға шықты, алайда Адриан Капралик 90+5-минутта есепті теңестірді.

Словакия құрамасы 12 ұпай жинап, топта бірінші орын алды және Ұлттар лигасының B дивизионына жолдама алды. Қазақстан турнирді квартетте соңғы орынмен аяқтап, еншісіне 3 ұпай жазды.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie