locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Бәлкім, біз дағдарысқа тап болдық» — Жұмаханов Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы сәтсіздігі туралы

Қазақстан құрамасының қорғаушысы эмоцияға толы пікір білдірді
Эксклюзивтер
«Бәлкім, біз дағдарысқа тап болдық» — Жұмаханов Қазақстан құрамасының Ұлттар лигасындағы сәтсіздігі туралы
ФОТО: КФФ

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Әділбек Жұмаханов Ұлттар лигасында Словакиямен өткен матчтың қорытындысы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz

Кездесу «Астана Аренада» өтіп, 2:2 есебімен тең аяқталды. Ресейдің «Ахмат» клубында ойнайтын жартылай қорғаушы Ғалымжан Кенжебек екі нәтижелі пас берді. Алайда команда басымдығын сақтап қала алмады: словакиялықтар қосымша уақытта Лукаш Капралик соққан голдың арқасында есепті теңестірді.

«Әрине, қателіктерден қорытынды шығаруымыз керек, мұнымен тоқтап қалмаймыз. Құрама сапында ойнап, жеңіске жету үшін жұмыс істейміз. Ойын өте қиын болды. Құрамадағы ахуал жақсы. Аға буын ойыншылары ақыл-кеңесін беріп, бағыт көрсетеді. Әрине, бәріміз жеңіске жеткіміз келді, алаңға да тек жеңу үшін шығамыз. Қателіктің салдарынан гол жіберіп аламыз деп өзім де ойлаған жоқпын. Бұл — ойынның бір бөлігі. Жанкүйерлерді түсінемін, олар бізден басқа нәтиже күтті. Бәлкім, біз дағдарысқа тап болып, топтан шыға алмадық. Кешірім сұраймыз. Келесі іріктеу кезеңінде жанкүйерлерімізді қуантамыз деп үміттенемін», — деді Әділбек Жұмаханов.

Осылайша, Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңін соңғы, төртінші орында аяқтады. Ұлттық құрама алты матчта үш ұпай жинап, үш рет тең түсіп, тағы үш ойында қарсыластарына жол берді. Осы аралықта қазақстандық футболшылар сегіз гол соғып, өз қақпасына 11 гол жіберіп алды.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie