Кенжебек Қазақстан құрамасындағы ван ’т Шкиптің жұмысы туралы пікір білдірді
Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебек УЕФА Ұлттар лигасы топтық кезеңінің соңғы турында Словакиямен өткен матчтан кейін ұлттық құраманың бас бапкері Джон ван ’т Шкиптің жұмысы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sports24.kz.
«Мен бапкердің жұмысын бағалай алмаймын, өйткені ойынға арналған нұсқаулар мен тапсырмаларды маған сол кісі береді. Оның жұмысын бағалай алатын басқа адамдар бар. Ол — мен емес», — деді Ғалымжан Кенжебек.
Еске салайық, кездесу «Астана Аренада» өтіп, 2:2 есебімен тең аяқталды. Ресейдің «Ахмат» клубында өнер көрсететін жартылай қорғаушы Ғалымжан Кенжебек екі нәтижелі пасымен көзге түсті. Алайда команда басымдығын сақтап қала алмады: словакиялықтар қосымша уақытта Лукаш Капралик соққан голдың арқасында есепті теңестірді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңін соңғы, төртінші орында аяқтады. Алты матчта ұлттық құрама үш ұпай жинап, үш рет тең ойнап, тағы үш кездесуде қарсыластарына есе жіберді. Осы уақыт ішінде қазақстандық футболшылар сегіз гол соғып, өз қақпасына 11 гол жіберіп алды.