locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Джон ван ’т Схип Қазақстан құрамасындағы болашағына қатысты мәлімдеме жасады

Нидерландылық маманның жетекшілігімен команда үш рет жеңіліп, тағы үш мәрте тең түсті
Футбол
Джон ван ’т Схип Қазақстан құрамасындағы болашағына қатысты мәлімдеме жасады
ФОТО: КФФ

Қазақстан құрамасының бас бапкері Джон ван ’т Схип ұлттық құрамадағы болашағына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Матчтан кейін журналист нидерландылық маманнан Қазақстан құрамасындағы жұмысын жалғастыруға ниетті ме деп сұрады.

- Қазақстан құрамасында жұмыс істеуді жалғастырасыз ба?

«Сонымен, мен тамыздан бері Қазақстандамын. Менің міндетім Ұлттар лигасында команданы басқару болды, сондықтан қазір біз дәл осы кезеңге жеттік», - деді Джон ван ’т Схип.

Ван ’т Схип Қазақстан құрамасын 2026 жылдың тамызында басқарды. Ол маусымда командадан кеткен Талғат Байсуфиновтың орнына келді. Жаңа бапкердің алдында құраманы Ұлттар лигасының топтық кезеңінен өткізу міндеті тұрды.

Турнир қорытындысы бойынша ұлттық құрама 6 турда 3 ұпай жинады: Фарер аралдарымен екі рет тең ойнады — сырт алаңда 1:1, өз алаңында 2:2, сондай-ақ соңғы матчта Словакиямен ұпай бөлісті (2:2).

Бұған қоса, сырт алаңда Словакиядан 1:2 есебімен жеңіліп, Молдовадан да екі рет 1:2 есебімен ұтылды. Нәтижесінде Қазақстан С3 тобында соңғы, төртінші орынға тұрақтады.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie