locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Челсидің» бұрынғы футболшысы Қытайда жыныс мүшесін ампутациялай жаздағанын айтты

Лондондық «Челси» мен Нигерия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Джон Оби Микел Қытай чемпионатында өнер көрсеткен кезінде болған тосын оқиғамен бөлісті.
Футбол
«Челсидің» бұрынғы футболшысы Қытайда жыныс мүшесін ампутациялай жаздағанын айтты
Фото: Getty Images

39 жастағы футболшының айтуынша, жарақаттарының бірінен кейін жергілікті дәрігерлер оған жарық диагнозын қойып, ота жасау қажеттігін айтқан, деп хабарлайды Sports24.kz.

Алайда ұсынылған емдеу тәсілі нигериялық футболшыны қатты шошытқан.

«Қытайда ойнап жүргенімде жарақат алдым. Дәрігерлер жарығым бар екенін, оның ұма мен жыныс мүшесіне қарай таралғанын айтты. Олар жыныс мүшемді ампутациялауға тура келетінін мәлімдеді. Әйелім Лондонға қайтуға кеңес берді. Тексеруден кейін бұл жай ғана бұлшықетімнің созылуы екені анықталды», - деді Микел.

Осылайша, Ұлыбританияда қайта тексерілу футболшыға өзінің айтуынша, қытайлық мамандар ұсынған операциядан аман қалуға мүмкіндік берді.

Еске салайық, Микел 2017-2018 жылдары Қытайдың «Тяньцзинь Тэда» клубында өнер көрсетті. Нигериялық жартылай қорғаушы «Челсидегі» ойындарымен кеңінен танылды. Лондондық клуб сапында ол Чемпиондар лигасын, Англия Премьер-лигасының екі чемпиондық титулын және басқа да бірқатар жүлдені жеңіп алды.

Нигерия құрамасы сапында жартылай қорғаушы 2013 жылғы Африка ұлттары кубогының жеңімпазы атанып, 2016 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдесін иеленді.

Азамат Қамза
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie